Қаржы мониторингі агенттігі ҚФФ-ның бұрынғы президентіне қатысты тергеу туралы мәлімдеме жасады
Қазақстанның қаржы мониторингі агенттігі ҚФФ-ның экс-президенті Әділет Барменқұловқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны туралы ресми мәлімдеме жасады.
– БАҚ тарапынан келіп түскен сұраныстарға байланысты, ҚМА Қазақстан футбол федерациясының бұрыңғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын растайды.
Барлық тергеу әрекеттері заңнама талаптарына сай жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды, – деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.
Қаржы мониторингі агенттігі Барменқұлов пен ҚФФ-нің бірқатар бұрынғы қызметкерлеріне қатысты тергеу амалдарын жүргізіп, тінту шараларын өткізуде.
Барменқұлов 2021-2024 жылдары ҚФФ-ны басқарған. Айта кетейік, 2024 жылдың 8 қарашасында Бәрменқұлов президенттіктен кеткен болатын.