Жарақат алған Тоқтар Жанғылышбай Өзбекстанға кетті

Жарақат алған Тоқтар Жанғылышбай Өзбекстанға кетті


Қазақстан құрамасы мен «Қызылжардың» шабуылшысы Тоқтар Жанғылышбай жаттығу кезінде жарақат алып, КПЛ-дың бірінші турындағы «Жетісуға» қарсы ойынға (1:1) қатыса алмады.

Қазір 31 жастағы шабуылшы Ташкентте емделіп жатыр. Жақын күндері ол командаға қосылып, Қостанайда жаттығуын жалғастырады, өйткені «Қызылжар» әзірге осы қалада базаланып отыр.

Жанғылышбай бұған дейін «Шахтер», «Астана», «Қайрат», «Ордабасы» сынды клубтардың намысын қорғаған. 2019 жылы «Астана» қақпасына соққан голы маусымның ең үздік голы деп танылған. Жанкүйерлер оның алаңдағы шеберлігін Златан Ибрагимовичке ұқсатқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или