«Барселонаның» бас бапкері Неймардың оралуына қарсы

«Барселонаның» бас бапкері Неймардың оралуына қарсы

«Барселонаның» бас бапкері Ханс Флик бразилиялық «Сантостың» шабуылшысы Неймарды каталондық клубқа қайтару қажеттілігіне сенімді емес, деп жазады Prosports.kz

Бұл туралы Sport.es хабарлайды. Неміс маманы оның физикалық дайындығы мен ойын деңгейіне күмән келтіреді. Оның үстіне, қазіргі уақытта клуб бразилиялық үшін ресми ұсынысты да талқылаған жоқ, бұл басшылық арасында ортақ пікірдің жоқтығын растайды.

Тағы бір маңызды фактор – клубтың қаржылық тұрақсыздығы. «Барселонаның» жазғы трансфер нарығына бөлетін бюджеті қанша болатынын әлі белгісіз.

Неймардың қазіргі уақыттағы басты мақсаты – «Барселонаға» оралу екені бұрын хабарланған болатын. Жарақаттан көз ашпаған әйгілі футболшы қазір бабына келе бастады. Ол «Сантос» сапында 7 ойын ойнап үлгеріп, 3 гол соққан және нәтижелі 3 пас берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или