Албанияға барған 23 классик балуанның жиырмасы жеңіліп қалды

Албания астанасы Тиранада күрес түрлерінен өтіп жатқан әлемдік рейтингтік турнирде қазақстандық грек-рим шеберлері 3 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Атап айтқанда, Бағдат Сабаз (67 келі), Ерасыл Мамырбеков (55 келі), Ерсін Абыр (55 келі) елге жүлдемен оралды.
Жалпы Тиранадағы турнирге грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстаннан барлығы 47 балуан бақ сынаған. Оның 23-і – грек рим күрес шеберлері. Үшеуі – әйелдер күресінен, ал қалған 21 балуан – еркін күрестен.
Еркін күрестен барған 21 балуаннан Болат Сақаев (86 келі) күміс алса, Рустам Мырзағалиев (86 келі) пен Мұхаммед Балғабай қола жүлдеге қол жеткізді.
Ал, әйелдер күресінде екі бұрымдымыз жеңіс тұғырыған көрінді. Жәмила Бақбергенова (72 келі) чемпион атанса, Эльмира Сыздықова (76 келі) қола медальға ие болды.