Чебуриннің «Жальгирисі» Литва чемпионатын жеңіспен бастады
Қазақстандық маман Владимир Чебурин баптайтын Литваның қазіргі чемпионы Вильнюстің «Жальгирисі» ел біріншілігінің жаңа маусымын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Литва чемпионатының бірінші турында «Жальгирис» Вильнюсте «Джюгасты» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Алаң иелерінің голдарын Кассим Хаджи (16-минут) пен Густас Ярусевичюс (71-ші) соқты. Қонақ команда сапында Лукас Анкудиновас (42-ші) мергендік танытты.
Еске салайық, «Жальгирис» маусым алдында Литва Суперкубогының иесі атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или