Дастан Сәтбаев «Астанамен» өткен матчқа қатысты пікір білдірді

Дастан Сәтбаев «Астанамен» өткен матчқа қатысты пікір білдірді

«Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтбаев Қазақстан Премьер-лигасының бірінші турында «Астанаға» қарсы өткен ойын (1:1) жайлы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

— Ең алдымен баршаңызды қасиетті Рамазан айының және жаңа маусымның басталуымен құттықтаймын! Ойынға келетін болсақ, өте қиын болды, өйткені бірінші матчта мықты қарсыласқа тап болдық. Оның үстіне бізде күтпеген жерден алаңға шықтым. Мен гол соға алғаныма өте қуаныштымын, бірақ, нәтижеге көңіліміз толмайды. Бірақ біз қателіктермен жұмыс істеп, алға жылжимыз», - деді Сәтбаев ойыннан кейін.

Айта кетейік, осы маусым алдында 16 жастағы Сәтбаев лондондық «Челси» футбол клубының футболшысы атанды. 18 жасқа дейін қазақстандық футболшы «Қайрат» сапында жалда ойнайды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или