ҚПЛ-дың үздік ойыншысының бірі неге команда ауыстырғанын түсіндірді

ҚПЛ-дың үздік ойыншысының бірі неге команда ауыстырғанын түсіндірді

Беларусьтік жартылай қорғаушы Игорь Стасевич Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында «Тұранға» ауысуының негізгі себебін атады.

«Менің «Тұранмен» келісімшартқа отыруыма басты себеп – Виталий Жуковскийдің сол жерде бас бапкер ретінде жұмыс істеуі. Әрине, бұл шешуші фактор болды», – деді тәжірибелі футболшы.

39 жастағы Стасевич Беларусь құрамасы сапында 63 матч өткізіп, 5 гол соғып, 11 нәтижелі пас берген (соңғы ойыны – 2021 жылдың наурызында). Ол 2023 жылдың қаңтарында Жуковскийдің шақыруымен «Атырауға» ауысқан болатын.

Қазақстан Премьер-лигасының 2024 жылғы маусымында Стасевич 20 матчта 4 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.

Transfermarkt мәліметі бойынша, оның қазіргі нарықтық бағасы – 50 мың еуро.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или