Қазақстанға аладоп аңыздары келеді

Қазақстанға аладоп аңыздары келеді

2 және 3 сәуірде әлем футболының бұрынғы жұлдыздары Роберто Карлос пен Кафу Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Танымал футболшылар Meta Sport Forum – спорттық маркетинг және бизнес бойынша халықаралық конференцияның арнайы қонақтары болады.

Роберто Карлос – Әлем чемпионы және Америка кубогының екі дүркін жеңімпазы, Бразилия құрамасы сапында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Реал Мадрид командасының құрамында УЕФА Чемпиондар лигасының үш дүркін жеңімпазы және Испанияның бірнеше дүркін чемпионы. 2013 жылы беделді World Soccer журналы Роборто Карлосты футбол тарихындағы ең үздік 100 футболшының тізіміне кіргізді.

Кафу (яғни Маркос Евангелиста де Мораес) – екі дүркін Әлем чемпионы, әлем чемпионатының үш финалында ойнаған тарихтағы жалғыз футболшы, УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы, Либертадорес кубогының және Құрлықаралық кубоктың екі дүркін жеңімпазы, Бразилия чемпионы және екі дүркін Италия чемпионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или