02.03.2025. «Барселона» – «Реал Сосьедад». Статистика, болжам
Жексенбі күні кешке, 2 наурызда Ла Лига өзінің 26-тур бағдарламасын жалғастырады, негізгі кездесулердің бірінде «Барселона» «Реал Сосьедадпен» ойнайды, деп жазады Prosports.kz.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
«Барселона»
54 ұпайы бар каталондық клуб Испания чемпионатының турнирлік кестеде екінші орынға жайғасқан. Көшбасындағы «Атлетикодан» екі ұпай қалып тұр. Дегенмен, «блауграна» бір матч кем өткізген. Демек, бүгін «Барса» жеңіске жетсе жеке-дара көш бастайды, тең түссе екінші орында қала береді.
Ханси Фликтің жігіттері 2025 жылдың алғашқы екі айында тамаша нәтиже көрсетіп жүр. Соңғы бес ойында 15 ұпайды еншіледі.
«Реал Сосьедад»
Сан-Себастьян клубы ағымдағы чемпионатта бұрынғы күшін жоғалтты. 25 матчтан кейін 34 ұпай жинаған Иманол Алгуасилдің командасы небәрі тоғызыншы орында тұр. Примерадағы соңғы төрт ойында екі рет ұтылып, екі мәрте жеңіске жеткен. Сондай-ақ, ұжым қонақта сәтсіз ойнайды. Сырт алаңда соңғы рет 2024 жылдың 8-ші желтоқсанында ұпай жоғалтқан. Одан кейінгі төрт матчтың бәрінде жеңілген, тек бір матчта ғана гол соққан.
Апта ортасында «Реал Сосьедад» Испания кубогының жартылай финалындағы алғашқы матчта өз алаңында «Реал Мадридтен» 0:1 есебімен жеңілсе, «Барса» мадридтік «Атлетикомен» 4:4 ойнады.
Осы маусымда «Реал Сосьедад» «Барселонаның» тізе бүктірген санаулы командалардың бірі. Алғашқы айналымда азулы «Барса» қонақта гол соға алмай, 0:1 есебімен ұтылып қайтқан еді.
Tennisi.kz «Барселонаның» жеңісіне 1.27, «Реал Сосьедадтың» ұтысына 11, ал тең нәтижеге 5.90 коэффициентін ұсынады.
«Барселона» «Реал Сосьедадпен» өткен соңғы бес ойынның төртеуінде кемі екі сары қағаз алған. «Блауграна» 1.5-тен көп сары қағаз алады деген бәске Tennisi.kz 1.73 коэффициент ұсынып отыр.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.