Ғалымжан Кенжебек Еуропа клубындағы ең нашар футболшы атанды
Flashscore.com статистикалық сайты «Кошице» командасының қазақстандық жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебектің Словакия чемпионатының 22-ші турында Земплин Михаловцеге қарсы өткен матчтағы (3:2) ойынына баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кенжебек 57-минутта қосалқы құраммен шығып, гол соға алмады. Қазақстан құрамасының ойыншысы өз өнері үшін Flashscore-тен 6,1 ұпай алды – бұл барлық «Кошице» ойыншыларының арасындағы ең төменгі рейтинг.
Жалпы, Ғалымжан Кенжебек биылғы маусымда «Кошице» сапында үш кездесу өткізіп, бір нәтижелі пас берді. Команда қазір Словакия чемпионатында алтыншы орында келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или