Александр Кержаков мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін

«Зенит» футбол клубының шабуылшысы Александр Кержаковқа қазақстандық командалар қызығушылық танытуда.

Ресейлік басылымдарының ақпаратына сүйенсек, бірқатар қазақстандық клубтар 33-жастағы шабуылшыны өз командаларында көргісі келетінін білдірді.

Айта кетер жайт, Александр қазіргі таңда «Зениттің» қосалқы командасында өнер көрсетіп жүр.

Естеріңізге сала кетсек, бұның алдында ресейлік БАҚ Кержаков алматылық «Қайратқа» ауысады деген сыбыстар таратқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или