«Қайрат» спорт директорынсыз қалды
Алматының «Қайрат» клубының спорт директоры Константин Лежнев қызметінен кететінін хабарлады, деп жазады Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі Қазақстан чемпионы атанған команда ресейлік маманға лайықты ауыстыратын маман іздестіріп жатқан көрінеді.
Лежнев 2019 жылдан бері спорт директоры қызметін атқарып, осы уақыт аралығында «Қайрат» екі мәрте ел чемпионы атанып, бір рет Қазақстан кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.
Ол алматылық клубтың құрылымында 2016 жылдан бастап жұмыс істеді. Бұған дейін Мәскеудің «Динамо», Самараның «Крылья Советов» және «Москва» клубтарында еңбек еткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или