Дэвид Бекхэм: Месси – барлық уақыттың үздік ойыншысы
Англиялық бұрынғы футболшы, қазіргі таңда «Интер Майами» клубының иесі Дэвид Бекхэм Лионель Мессиді уақытқа тәуелсіз ең үздік ойыншы деп санайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
— Менің ойымша, Месси – әлемдегі ең үздік ойыншы. Ол барлық кезеңдегі ең мықты футболшы, — дейді Бекхэмнің сөзін AS басылымы.
Айта кетейік, қазіргі уақытта «Интер Майами» КОНКАКАФ Чемпиондар кубогында өнер көрсетіп жатыр. Команда екі кездесуде «Спортинг Канзас-Ситиді» жеңіп, жарыстың келесі кезеңіне – 1/8 финалға шықты. Бұл кезеңде клуб Ямайканың «Кавалер» командасымен кездеседі.
Аргентиналық жұлдыз Канзас командасына қарсы өткен екі матчта да гол соғып, командасына жеңіске жетуге көмектесті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или