«Реал» «Ливерпульдің» ойыншысын қатарына қосады
Мадридтік «Реал» жазғы трансферлік терезеде «Ливерпуль» қорғаушысы Трент Александр-Арнольдпен ауысу туралы ауызша келісімге келді.
Cadena SER мәліметінше, испандық клуб ағылшын ойыншысымен төрт жылдық келісім бойынша келіссөздерді аяқтаған. «Реал» басшылығы бұл трансфердің жүзеге асатынына сенімді.
Айта кетейік, Трент бұған дейін мерсисайдтық клубтың келісімшартты ұзарту туралы ұсынысын қабылдамаған. «Ливерпуль» негізгі ойыншысының кетуіне дайындықты бастап кетті. Қазіргі таңда оң қапталдағы қорғаушы позициясында 21 жастағы Конор Брэдлиге жиі мүмкіндік берілуде. Жас футболшыны клубтың болашақтағы негізгі ойыншысы ретінде қарастырып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или