АПЛ. «Тоттенхэм» - «Манчестер Сити»: Матч алдындағы статистика
Ағылшын Премьер-Лигасының 27-інші турындағы негізгі текетірес ақпанның 26-ынан 27-іне қараған түні «Тоттенхэм Хотспур» стадионында өтеді. Лондон төрінде «Тоттенхэм» мен «Манчестер Сити» күш сынасады.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
«Ман Сити» жексенбі күні «Ливерпульден» өз алаңында 0:2 есебімен жеңілді. Арне Слот баптайын «қызылдар» АПЛ чемпиондарына мүмкіндік қалдырған жоқ. Ал, сенбі «Тоттенхэм» сенбі күні АПЛ-дағы қатарынан үшінші жеңісін тіркеді. Сырт алаңда «шпорлар» аутсайдерлердің бірі «Ипсвичті» 4:1 жеңді.
Осы масымда командалар алғаш рет Лига кубогында кездесіп, Лондонда «Тоттенхэм» 2:1 ұтты. Кейін қарашаның аяғында Манчестерде кездесті. Жанкүйерлер сол ойынның нәтижесін әлі ұмыта қоймаған шығар. Гвардиола жігіттері өз алаңында 0:4 есебімен тас-талқан ұтылды. Енді Де Брюйне, Бернарду Сильва бастаған жігіттер сол масқара жеңіліс үшін есе қайтара ала ма? Күмәнді. Себебі, «Сити» осы маусымда мықтылардың бәрінен жеңіліп жүр. «Челсиді» бір жеңгені бар енді. Бірақ, сол «Челси» соңғы он турдың сегізінде ұпай жоғалтып жүрген команда.
Турнир кестесінде «қалалықтар» 44 ұпай жинап, «Ньюкаслмен» төртінші орынды бөлісіп тұр. 33 ұпай олжалаған Анге Постекоглудың командасы он екінші орында. Бір қызығы, екі команда кестеде қанша алшақ болса да, доп айырмашылықтары +15.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы «Тоттенхэм» мен «Манчестер Сити» арасындағы ойынға келесідей коэффициенттер ұсынады: «Тоттенхэмнің» жеңісі – 3.24, «Ситидің» жеңісі – 2.01, тең ойын – 4.15.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.