Артём Дзюба «Қайратқа» ауысуы мүмкін

Артём Дзюба «Қайратқа» ауысуы мүмкін

«Қайрат» футбол клубының иесі Қайрат Боранбаев клуб «Акронның» шабуылшысы Артем Дзюбаны сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы Тольятти командасында 2024 жылдың қыркүйегінен бері ойнап келеді. Оның «Акронмен»  келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін.

«Мен Дзюбамен жеке байланыстамын. Біз бір-бірімізді бұрыннан танимыз. Артем Александр Кержаковтың рекордын жаңартқысы келеді. Артемді күтеміз», - деді Боранбаев «Кинопоис» басылымына берген сұхбатында.

Осы маусымда 36 жастағы Дзюба «Акрон» жейдесінде барлық турнирлерде 11 кездесу өткізіп, 3 гол соқты. Ол Александр Кержаковтың рекордын басып озып, Ресей тарихындағы үздік бомбардир болу үшін екі гол соғуы керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или