Футболда тағы бір даулы төрешілік жанжал шықты. ВИДЕО

Футболда тағы бір даулы төрешілік жанжал шықты. ВИДЕО


Мексикада ел чемпионатының жоғарғы дивизионында өткен «Толука» мен «Гвадалахара» матчының даулы сәтіне байланысты жанжал күшейіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Төрешілер VAR дыбысын өзгертіп, өз қателіктерін жасыруға тырысқан болуы мүмкін деген күдік бар. Қазіргі таңда «Гвадалахара» (немесе көпшілік білетін атауымен — «Чивас») командасының офсайд үшін есептелмеген голы қызу талқылануда.

Өткен демалыста Клаусура-2025 додасының 7-турында «Толука» мен «Чивас» кездесіп, алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті. Алайда жанкүйерлер мен сарапшылардың назары төрешілердің шешіміне ауды. Қонақтардың соққан бір голы офсайдқа байланысты есепке алынбады.

Ойыннан кейін екі күн өткен соң, Судьялар комиссиясы VAR жүйесінің аудиожазбасын жариялап, бас төрешінің шешімі дұрыс болғанын растады. Дегенмен, ФИФА дәрежесіндегі бұрынғы мексикалық төреші, қазіргі таңда ESPN сарапшысы Фелипе Рамос Рисоның айтуынша, төрешілер қауымында бұл аудио мен бейнеде көрсетілген векторлар әдейі өзгертілген деген әңгімелер жүріп жатыр. Мақсат — өз қателіктерін жасыру.

Айта кетейік, матчтың 18-минутында Алан Пулидо «Чивас» сапындағы екінші голын соққан, бірақ бұл гол офсайд деп танылып, есепке алынбады.

Осы оқиғадан кейін жанкүйерлер әлеуметтік желілерде төрешілерді сынға алды. «Бұлар мүлде пайдаға аспайды», «Қателескенін мойындау қиын болып тұр ғой, сондықтан ережеге сүйеніп ақталуға тырысып жатыр» деген пікірлер жиі жазылды.

Audios del #VARLigaMX I Jornada 7 @TolucaFC vs. @ChivasTe compartimos los audios y videos de la jugada en la que se anula el gol del Guadalajara por fuera de lugar, en los que el VAR ratifica la decisión inicial de los árbitros de campo.#ArbitrajeMX pic.twitter.com/TjcJMh9T9o

— Comisión de Árbitros (@Arbitraje_MX) February 18, 2025
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или