Бас бапкер Хаби Алонсо Бундеслига рекордын орнатты
«Байердің» бас бапкері Хаби Алонсо клубтың сырт алаңда жеңіліссіз сериясын 28 матчқа дейін (20 жеңіс, 8 тең ойын) ұзартты және осы бағытта бапкерлер арасында Бундеслига рекордын орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz.
22 ақпанда Германия чемпионатының 23-ші турында «Хольштайн» мен «Байер» шеберлік сынасты. Кездесу 2:0 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды. Алонсо командасының сырт алаңда соңғы жеңілісі 2023 жылы 27 мамырда «Бохумға» қарсы ойында (0:3) болды.
Ағымдағы Бундеслига маусымында Байер турнирлік кестеде екінші орында (14 жеңіс, 8 тең, 1 жеңіліс). «Бавариядан» бес ұпай қалып келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или