УЕФА мен Испания футбол федерациясы төреші Мунуэру Монтероны уақытша шеттетті
УЕФА мен Испания футбол федерациясы (RFEF) Хосе Луис Мунуэру Монтероны төрешілік етуден уақытша шеттету туралы шешім қабылдады. Бұл оның футболдан тыс қызметіне байланысты мүдделер қақтығысы бар-жоғын анықтауға бағытталған тергеуге байланысты. Осы кезеңде Монтеро Чемпиондар лигасы мен басқа да турнирлердің ойындарына тағайындалмайды.
Ла Лиганың 24-турында «Реал» мен «Осасуна» арасындағы (1:1) матчтан кейін Монтероның екі шешімі көпшіліктің назарына ілікті. Ол «Реал» жартылай қорғаушысы Джуд Беллингемді алаңнан қуып, алаң иелері пайдасына пенальти белгіледі. Осы оқиғалардан кейін төреші 25-тур ойындарына да тағайындалмады.
Монтеро жақын арада өз ұстанымын түсіндіріп, қажетті құжаттарды, оның ішінде Talentus Sport компаниясымен байланысы мен коммерциялық келісімдері жайлы мәліметтерді ұсынуға дайын екенін мәлімдеді.
Қазіргі таңда істі Испания футбол федерациясының реттеу комитеті бақылауға алды. Тергеу нәтижелері жарияланғанға дейін Төрешілер комитеті Монтероны матчтарға тағайындамайды.