Неймар «Сантоспен» неге тек 6 айлық келісімшарт жасағанын түсіндірді
Бразилиялық жұлдыз туған клубы «Сантоспен» қысқа мерзімді келісімшартқа қол қоюының себебін түсіндірді.
Жақында берген сұхбатында Неймар келісімшарттың тек 6 айға емес, ұзарту мүмкіндігі қарастырылғанын айтты. Оның айтуынша, алғашқы кезең – команда қайта құрылып, жаңа деңгейге шығуға арналған уақыт. Сондай-ақ, Сауд Арабиясындағы кезеңнен кейін өзінің физикалық жағдайын білмегендіктен, ұзақ мерзімге келісім жасаудан тартынған. Айта кетейік, ол «Аль-Хиляль» сапында 1,5 жылда небәрі 7 ресми матчқа ғана қатысқан.
Осылайша, 33 жастағы шабуылшы «Сантос» арқылы үлкен футболға қайта оралуды көздейді. Жақында оның «Барселонаға» қайта оралуы мүмкін деген сыбыс тараған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или