«Елімай» уругвайлық футболшымен толықты

«Елімай» уругвайлық футболшымен толықты

«Елімай» Уругвай жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы Кевин Ролонның ауысқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Уругвай жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы, сол жақ қорғаушы Кевин Ролон cемейлік клубпен келісімшартқа отырды. Ролон уругвайлық Монтевидео Уондерерс командасында 33 матч өткізіп, бес гол соққан. «Ол 2022 жылғы Оңтүстік Америка кубогында ұлттық құрама үшін алты ойын өткізді», - деп жазды клубтың Instagram аккаунты.

Transfermarkt порталы 23 жастағы футболшының құнын 600 мың еуроға бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или