Ерлан Қожағапанов: «Футболға бөлінетін қаражат қысқарады»

Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов, ҚФФ департаменттерінің жетекшілері, облыстық спорт басқармасының жетекшісі жұмыс сапарымен Ақтөбе облысын аралады.

- 21 қараша күні Республикалық футбол форумын ұйымдастырдық. Мәдениет және спорт министрлігі жергілікті бюджеттен спортқа бөлінетін қаражатты азайту жөніндегі жоспарымен бөлісті, - дейді Ерлан Тоқтарханұлы. – Нәтижесінде жекелеген олимпиадалық спорт түрін қаржыландыру ұлғаяды, командалық спорт түрі, оның ішінде футболға бөлінетін қаражат қысқарады. Осыны ескере отырып, біщдің клубтар мен жергілікті билік өкілдеріне табыс табуды ойлау қажет. Еуропада футбол клубтары билет, атрибутика және кейтеринг сатудан пайда табады. Сонымен қатар, телетрансляция құқығын сатады. Бұл бағытта «Ақтөбе» алғаш болмақ. Билет сатудан қазіргі уақытта табысты клубтар емес, стадиондар алады. Атрибутикамен кей клубтар ғана айналысады. Лига телетрансляциядан табыс табуға дайын емес. «Ақтөбе» футбол клубының жанкүйерлері көп екенін ескеріп, коммерцияландыру жұмысын күшейту керек деп ойлаймын.

Сонымен қатар, қазақстандық клубтардың бюджетінің ашықтығы, жаңа стадионның құрылысы, қаланың футбол инфрақұрылымын дамыту, Қазақстан Ұлттық құрамасының матчын Ақтөбеде өткізу сұрақтары көтерілді.

Кездесуде жанкүйерлер өз сұрақтарын қойып, оларға жауап алды. Нәтижесінде Қазақстан футбол федерациясының жетекшілігі Ақтөбеде Қазақстан Ұлттық құрамасының жолдастық матчын өткізуге уәде берді.

Ал, «Ақтөбе» клубының жетекшілері келесі маусымда клубтың бюджеті 2 миллиард теңге құрайтынын, 1 қаңтардан бастап Орталық стадион клубтың қарамағынан өтетінін айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или