Жарко Маркович: «Біз «Црвена Звезданы» тағы да жеңер едік»

Алматылық клубтың орталық қорғаушысы «Спортски журнал» журналистеріне сұхбат берді.

28 жастағы орталық қорғаушы Жарко Маркович Румынияда қатарынан бес маусым бойы өнер көрсеткен соң, 2014 жылы мансабын Қазақстанда жалғастыруға шешім шығарған. «Црвена Звезда» түлегі осы жазда алматылық клубтың ойыншысы ретінде «Мараканаға» оралды.

Қазақстандықтар осы жазда Белградтағы матчтан ерекше мақтанышпен оралды. Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде қонақтар 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

– «Црвена Звезда» бұрынғыға қарағанда қазір жақсырақ ойын өрнегін көрсетіп жүр. Ұжым сапын білікті ойыншылар толтырды, біздің командалар тағы да кездессе, қызық болар еді. Біз тағы да жеңіске жетеміз деп ойлаймын. Біздің де команданы жаңа футболшылар толтырды, солардың ішіндегі ең жұлдызы деп украиналық Тимощукті айтуға болады. Жарақатынан кейін жартылай қорғаушы Бакаев та оралды. Миодрал Божовичтің басшылығымен «ақ-қызыл түстілер» ұлттық чемпионатта көш бастап жүргеніне, Дональдтің үздік трансфер екенін дәлелдегеніне, Груйичтің мықты дамып кеткеніне және Срнич, Плавшич, Виейраның жақсы өнер көрсетіп жүргеніне қуаныштымын, - деді Маркович.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или