Мадридтік «Реалдың» көшбасшысы 12 матчқа шеттетілуі мүмкін

Мадридтік «Реалдың» көшбасшысы 12 матчқа шеттетілуі мүмкін

Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Джуде Беллингем Испания чемпионатында «Осасунамен» (1:1) өткен матчта төрешіні балағаттап, алаңнан қуылғаны үшін ұзақ мерзімге дисквалификация алуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Marca басылымының хабарлауынша, Ла Лига ережелеріне сәйкес төрешіні, төреші көмекшісін, төртінші төреші, менеджерлер немесе спорт билігін балағаттаса төрттен 12 матчқа дейін дисквалификациямен жазаланады.

Айта кетейік, матчтан кейін «Реал Мадрид» командасының бас бапкері Карло Анчелотти мен футболшының өзі төрешіні қорлайтын сөздер айтқанын жоққа шығарған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или