Сэр Алекс Фергюсон бір матчқа бапкерлік қызметке оралады

Сэр Алекс Фергюсон бір матчқа бапкерлік қызметке оралады

Шотландиялық атақты бапкер Алекс Фергюсон бапкерлік мансабын бір матчқа жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы talkSPORT басылымы жазды.

Дереккөздің хабарлауынша, шотландиялық италиялық шабуылшы Джузеппе Россидің қоштасу матчына шақырылған. Шабуылшының қоштасу ойыны 22 наурызда Флоренцияда «Артемио Франки» стадионында өтеді.

Росси 2004-2006 жылдар аралығында шотландиялық қол астында манкуниандықтардың сапында ойнаған. Италиялық 2023 жылы зейнетке шықты. Оның соңғы клубы СПАЛ болды.

Сэр Алекс Фергюсон – футбол тарихындағы ең табысты менеджерлердің бірі. Ол 1986 жылдан 2013 жылға дейін «Манчестер Юнайтедті» басқарып, 13 Премьер-Лига титулын, 5 Англия Кубогын және 2 УЕФА Чемпиондар Лигасын жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или