«Ньюкаслмен» матчтан кейін Гвардиола өзбек футболшысына баға берді
«Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиола қорғаушы Абдукодир Хусановтың Англия премьер-лигасының 25-ші турындағы «Ньюкасл Юнайтедпен»(4:0) матчындағы ойыны туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Шабуылға өтетін фазадағы Хусановтың жылдамдығы біз оны сатып алуымыздың басты себебі. Ол өте жылдам. Алайда Абдукодир жеке жекпе-жектерде тым агрессивті. Футболшы АПЛ-ға бейімделіп жатыр, уақыт өте келе бәрін үйренеді», - деді Гвардиола.
Еске салайық, 20 жастағы Хусанов қаңтар айында Англия чемпиондарының сапына қосылып, үш матч өткізіп, бір гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или