Қазақстандық футболшы ҚПЛ клубына қосылды

Қазақстандық футболшы ҚПЛ клубына қосылды

Қазақстандық жартылай қорғаушы Самат Жарынбетов ресми түрде «Қызылжардың» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Жарынбетовтың ауысымы Қызылжардың әлеуметтік желілерінде жарияланды.  Бұған дейін Самат «Ордабасы» сапында өнер көрсеткен.

Еске салайық, Жарынбетов шымкенттік командаға 2024 жылдың басында қосылған болатын. Екібастұз, Тобыл сынды клубтардың да намысын қорғаған. Қостанайлық клуб сапында жартылай қорғаушы 2021 жылы Қазақстан чемпионатын, ел кубогын (2023) және суперкубогын (2021, 2022) жеңіп алды.

2021-2022 жылдары футболшы Қазақстан құрамасына шақырылып, жеті матч өткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или