«Қайрат» кәсіби әйелдер командасын құрды

«Қайрат» кәсіби әйелдер командасын құрды

«Қайрат» Қазақстан тарихында алғаш рет кәсіби әйелдер футбол командасын құрды.

Алматылық клуб өз академиясынан тәрбиеленіп шыққан талантты қыздардан жасақталған командасын жанкүйерлерге таныстырмақ. Аталған ұжым клуб тарихында тұңғыш рет әйелдер арасындағы Премьер-лигада бақ сынайды.

Команданы таныстыру рәсімі ертең, 16 ақпан күні сағат 16:00-де Алматы қаласында өтеді. Іс-шара барысында ерлер және әйелдер командаларының жаңа маусымдағы жоспарлары жарияланып, тың өзгерістер таныстырылады. Сонымен қатар, «Қайраттың» биылғы маусымда киетін жаңа жейдесі де көпшілік назарына ұсынылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или