Қобыланды батыр атындағы орталық стадион «Ақтөбе» футбол клубына беріледі

Қобыланды батыр атындағы орталық стадион «Ақтөбе» футбол клубына беріледі

Қобыланды батыр атындағы орталық стадион «Ақтөбе» футбол клубына беріледі. Келер жылы Қазақстан ұлттық құрамасының ойыны Ақтөбедегі орталық стадионда да өтеді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов ақтөбелік футбол жанкүйерлерімен кездесуінде мәлімдеді.

Ақтөбе облысындағы футболдың дамуымен, балалар және жасөспірімдер спорт мектептерінің жағдайымен танысуға келген Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов «Қоныс» спорт сарайында ақтөбелік жанкүйерлермен кездесті. Сұрақ-жауап түрінде өрбіген кездесу кезінде спорт мектептерінің жай-күйі, орталық стадионның қазіргі ахуалы, футболды қаржыландыру жайы ашық айтылды.

«Қазақстан бойынша 400 мыңға жуық бала футболмен шұғылданады. Ақтөбе облысында 17 мың бала теңбіл доп үйірмелеріне қатысады. Біз Ақтөбедегі бірнеше спорт мектебіне барып, балалардың кезек күтіп, демалыс күні де қосымша үйірмеге қатысып жүргенін көрдік. Бұл қуанышты жағдай. Біз футбол спорты дамыған әлемдегі озық елдердің қатарына балалар және спорт мектебін дамытып, спорт мектептерінің инфрақұрылымын талапқа сай еткен кезде ғана қол жеткізе аламыз»,- деді Е.Қожағапанов.

Оның айтуынша, еліміз бойынша 5 мың бала неміс әдістемесі арқылы футболдың қыр-сырын үйреніп жүр.

«Қазақстандағы футбол клубтары ақша үнемдемейді, осылайша шетелдік футболшыларды шақырады. Ал спорт алаңдарының инфрақұрылымына ақша бөлуге құлықсыз. Футболды дамыту үшін жабық манежді стадиондар салуымыз қажет»,- дейді Қазақстан футбол федерациясының президенті.

Кездесу кезінде ақтөбелік жанкүйер Нұрсұлтан Ұлттық құраманың ойындарын Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда өткізу ұсынысын тастады.

«Қазір Ақтөбедегі стадион дайын. Келер жылы Ұлттық құрама Ақтөбеде міндетті түрде кездесу өткізеді»,- деді Е.Қожағапанов.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ескендір Махановтың айтуынша, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қобыланды батыр атындағы орталық стадион «Ақтөбе» футбол клубына берілетін болды.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, биыл «Ақтөбе» футбол клубы 16 кездесу өткізсе, соның бесеуі ғана орталық стадионда болды. Өзге ойындар жасанды жабындысы бар қосалқы стадионда өтті.

BNews.kz материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или