«Реал» - «Атлетико» матчында жеңімпаз анықталмады

«Реал» - «Атлетико» матчында жеңімпаз анықталмады

Испания чемпионатының 23-ші туры аясында «Сантьяго Бернабеу» стадионында мадридтік дерби өтіп, онда мадридтік «Реал» өз алаңында «Атлетико» командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы ойынға дейін «Реал Мадрид» 49 ұпаймен бірінші орында болса, «Атлетико» 48 ұпаймен екінші орында болды. Матч 1:1 есебімен тең аяқталды. 35-минутта Хулиан Альварес пенальтиден «Атлетико» командасын алға шығарды, бірақ үзілістен кейін бірден «Реал» есепті теңестірді: 50-минутта Килиан Мбаппе гол соқты. 

Осылайша 50 ұпай жинаған «Реал Мадрид» Ла Лигадағы көшбасшылығын сақтап қалды. «Атлетико» 49 ұпай жинап, екінші орында қалды. 45 ұпайы бар үшінші орындағы «Барселона» қонақта «Севильяны» жеңсе, қос командаға 1 және 2 ұпайға жақындайды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или