«Тұран» жолдастық матчта ресейлік команданы ұта алмады
«Тұран» Белектегі (Түркия) оқу-жаттығу жиынында ресейлік «Ленинградец» командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу голсыз тең аяқталды – 0:0. «Тұранның» негізгі құрамы мынадай болды: Закиров, Милоико, Мұхтаров, Абдумажитов, Юденков, Совпел, Нұрымбет, Пайович, Згурский, Дорофеев, Кадер. Қосалқы құрам: Хаткевич, Дүйсенбекұлы, Сәрсенбай, Асамбек, Хаджиев, Сатышев.
Қазақстан Премьер-Лигасының 2024 жылғы маусымында «Тұран» он екінші орын алған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или