Александр Тимощук: «Қазақстан көшбасшылары Ресейде еурокубок аймағына таласады»

«Қайрат» үшін маусым қалай өтті және Украина құрамасы Еуро-2016 турнирінде не нәрсеге үміттене алады? Осы және басқа да сұрақтардың жауаптары –Анатолий Тимощуктің Bobsoccer.ru сайтына берген эксклюзивті сұхбатында.

– Ең бірінші кезекте сізді Қазақстан кубогындағы жеңісімен құттықтаймыз! Финалдық матчтан кейін қандай сезімде болдыңыз?

– Құттықтауыңыз үшін рахмет! Ең тамаша эмоциялар ғана бар. Біздің команда осы трофейді ұтып ала алғанына өте қуаныштымын, финалда «Астана» секілді негізгі қарсыласымыздан солардың алаңында-ақ айламызды асырдық. Маусымның соңғы жағы өте ауыр болды, ұзақ уақыт бойы бірінші орында келе жаттық, бірақ көшбасшықты жоғалтып алдық. Оған қарамастан, барлық көрсеткіш бойынша маусымды «Астанадан» көрі жақсы өткіздік, турнирдің ережесі бойынша елордалық клуб чемпион атанды. Бұл, Қазақстанға келген уақытымнан бергі жалғыз негатив осы шығар. Сондықтан, Кубоктағы жеңісіміз маусымдағы өнерімізге нәр қоса түсті, біз осы қуанышты бәріне бөліп, жақсы көңіл-күймен маусымды аяқтадық. Тағы бір сәт: біз Кубокты қатарынан екінші рет жеңіп алдық, бұл Қазақстандағы тарихи жетістік болып саналады: бұран ешқандай команда мұндай табысқа жетіп көрмеген. Сондықтан бұл жетістік чемпионатта алдымызға қойған мақсатымызға жете алмағанымызды сәл де болса, жуып шайды. Әр трофей маңызды, бірақ менің ойымша, «Қайрат» үшін чемпиондық титул ең маңызды болып саналады.

– «Қайрат» неліктен алтын медаль ала алмады?

– Мен «Қайратқа» келген кезімде, команда төртінші орында келе жатқан, көшбасшыдан бірнеше ұпайға артта болды. Турнирдің екінші жартысында өз ойынымызды күшейте алдық деп есептеймін, бірнеше ай бойы көш бастадық, бірақ бітуіне бірнеше тур қалғанда қолдағы басымдықты сақтай алмай, екінші орын еншіледік. Егер екі кезеңде жиналған ұпайларға қарасақ, «Астанамен» ұпайымыз бірдей. Бірақ чемпионаттың ережесі бойынша бірінші кезеңде жиналған ұпайлар екіге бөлінеді, ал егер ол тақ санды құрайтын болса, командаға бір ұпай беріледі. Осының арқасында «Астана» турнир кестесінде өзіне бір ұпай қосып алған, бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша біз қарсыласымыздан жақсы нәтиже көрсеткен болатынбыз.

– «Қайрат» туралы, қала, жергілікті климат, жалпы қазақ футболы туралы айтып беріңізші.

– Мұнда қиын климаттық және географиялық жағдайларда ойнауға тура келеді, себебі қалалардың арасындағы қашықтық өте ұзын. Ауа-райына келер болсақ, жазда өте ыстық болады, ал күзде қызықты өзгерістер болып тұрады: таң ертеңгісін +25, 27 болса, түстен кейін температура +15-ке дейін түсіп кетуі мүмкін. Сондықтан таң ертеңгісін үйден шығар болсаң, өзіңмен бірге күртешеңді ала шығуың керек, ол күннің екінші жартысында міндетті түрде керек болады (күліп). Алматы – әдемі әрі заманауи қала. Жарты немесе бір сағатта тауға баруға болады, сол жақтың табиғаты әдемі, ауасы таза. Жалпы, уақыт өткізіп, футболдан сәл тыныққың келсе, баратын жерлер көп.

– «Қайрат» Еуропа лигасының топтық кезеңіне ең драмалық образда өте алмай қалды. «Рубиннің» қазіргі қарсыласы «Бордомен» өткен қарымта матчта не болды?

– Дәл қазір «Қайрат» үшін Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алу – бұл өте жақсы нәтиже, осыған келесі маусымда тырысатын боламыз. Алайда биыл біз команданың еурокубоктағы тарихына өзгерістер енгіздік. Бізге ең мықты қарсыластар түсті – «Црвена Звезда», «Абердин», «Бордо», олар еурокубокта мол нәтижесімен қатар, жеңістері де көп. Біз өте лайықты өнер көрсеттік, себебі команда тарихында тұңғыш рет топтық кезеңге жолдама алуға жақын болды. «Қайрат» «Бордоға» қарсы екі кездесуде де қарсыласынан әлсіз болған жоқ. «Бордомен» өз алаңымызда өткен матчта есеп 2:0 болып тұрған кезде аймақтарды жауып, үшінші гол соғуға тырысуымыз қажет еді. Француздар сапында кездесуге тыңнан қосылған футболшылар ойынды күшейте түсіп, сырт алаңда маңызды гол соға алды. Соңына таман бізде де тамаша мүмкіндіктер болған, алайда оны голға айналдыру үшін салқынқандылық жетіспеді. Негізі, біз топтық кезеңге лайықты деңгейде футбол көрсеттік деп ойлаймын.

– Соның алдындағы електік кезеңде кездескен «Қайрат» пен «Абердин» ең ұзақ сапар бойынша УЕФА рекордын орнатты. Владивостокқа ұшып барған сізді таң қалдыру оңай болмаған шығар?

– Сегіз жарым, тоғыз сағат бойы ұшып, артынша бір сағат автобуспен жүрсеңіз, таңқалдыру, әрине, қиын (күліп). Осымен салыстырғанда кез келген сапарыңыз – ұзақ жол болмай қалады, оның үстіне, мен Владивостокқа екі рет ұшып бардым. Еурокубоктың осы маусымында біз Еуропа үшін ұзақ сапарлар бойынша екі рет рекорд орнаттық – Абердинге және Бордоға. Ойын өтетін жерге жету үшін үлкен жолды артта қалдырдық, әр кезде жолға 18 сағаттай уақыт кететін, бірақ соған қарамастан жақсы футбол көрсететін едік. әрине, қолайлы жағдайда ұшсаңыз, матчта дайындығыңыз да жақсы болады.

– Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Астана» С тобында соңғы орын алды. Бұл осы жағдайдың әділетті көрінісі ме?

– «Астана» жақсы команда, сондықтан олардың Чемпиондар лигасының топтық кезеңіек шығуы үлкен жетістік болып саналады. Ол өз алаңдарындағы кездесулерде қарсыластың ұзақ сапардан келгенін, алаңның жасандылығын және стадиондағы атмосфераны пайдалана отырып, үш рет тең нәтижені ұстап қала алды. Соңғы турда команда Стамбулға қонақтап барып, тең тарқасты. Осылайша төрт ұпай жинады. «Астананың» алдында келесі жылы да еурокубокқа жолдама алу мақсаты тұр, команданың мүмкіндігі толығымен бар. Алайда, осы жетістікті қайталау қиын.

– Сіз туралы сөйлессек. «Қайратты» таңдауыңызға не түрткі болды?

– Мені клубтың амбициясы қызықтырды, сондай-ақ, өзім үшін жаңа чемпионатта, жаңа елде ойнау, жаңа мәдениетпен танысу мүмкіндігі туды.

– Келісім-шарт бір жарым жылға жасалған ба?

– Иә, тағы бір толық маусымға келісім-шартым бар.

– Қазақстан чемпионатының деңгейі Ресей біріншілігінен төмен бе?

– Иә, бірақ Қазақстан чемпионатының көшбасшылары ресейлік Премьер-лигада еурокубок аймақтарына таласа алады деп ойлаймын.

– «Қайратпен» келісім-шартыңыз аяқталған соң не болады?

– Футбол өмірі өте ауыспалы болып келеді, сондықтан нақты бір нәрсе деп айту қиын. Келесі қысқа дейін бір жылдық келісім-шартым бар, сондықтан дәл қазір «Қайрат» пен Украина құрамасындағы өнеріме бар назарымды аударамын. Кейін не болатынын ойлаған жоқпын. Жақында ғана А категориясындағы бапкер лицензиясын алдым, сондықтан өмірімді футболмен байланыстырып, футболда жинаған тәжірибемде басқаша қырымда орындағым келеді.

– Сізді және Украина құрамасын Еуро-2016 финалдық кезеңіне жолдама алуымен құттықтаймын! Словенияға қарсы матчтардың ерекшелігі қандай?

– Бұл тарихи сәт болды, себебі біз алғаш рет плэй-офф арқылы финалдық кезеңге жолдама алып отырмыз. Бірінші кездесуде сенімді жеңіске жеттік, бірақ бізді сырт алаңдағы қиын матчтар күтіп тұр еді, ол жақта жекпе-жектер өте көп болды. Францияға берілер жолдамаға талас өте үлкен дәрежеде өтті, сондықтан мінезімізді көрсетіп, осы жекпе-жекте жеңімпаз атанғанымызға қуанышьтымын.

– Финалдық кезеңде кіммен қарсылас болғыңыз келеді?

– Жеребе анықтап беретін кез келген қарсыласқа дайындаламыз. Еурода барлық команда да мықты, сондықтан мықты құрамаларға қарсы ойнау өте қызық болып саналады. Мысалы, немістер ойнағанымызды қалаймын, себебі сол жақта «Баварияда» бірге өнер көрсеткен достарым көп.

– Еуропа чемпионаты сіз үшін үшінші халықаралық ірі турнир болмақ. 2016 жылғы әлем чемпионатынан есіңізде не қалды?

– Бапкерлік штаб құраманың толық құрамын әлі айтпады, бірақ мен бұл турнирде өз командама көмектесуге дайынмын. Мен үшін ол екінші Еуропа чемпионаты болмақ, эмоциялар мен естеліктер тең жақсы жағымен қалады деп үміттенемін. Дәл қазір Германиядағы Әлем чемпионатынан қалған ең жылы естеліктерім – жанкүйерлердің қолдауы, стадиондар, инфрақұрылым, ұйымдастырылуы және спорттық нәтижеміз, себебі біз турнирдің ширек финалына шыққан болатынбыз.

– Қазір әлемде болып тұрған шиеленісті жағдай Еуропа чемпионатын өткізуге әсер етуі мүмкін бе?

– Болашақта не боларын ешкім де болжай алмайды. Қазір әр түрлі және күтпеген оқиғалар өте көп, олардың басым бөлігі негативті жағдайлар. Адамдардың қауіпсіздігі – бұл замануи әлемдегі ең негізгі басымдық, сондықтан бәрі жоғары деңгейде ұйымдастырылатынына сенімдімін. Байбалам салмай, ішіңе қорқыныш сезімін салудың керегі жоқ, жәй ғана өз күшіне сенетін, мықты адам күйінде қалып, әр жағдайдан шыға білу қажет. Футбол – бұл рух және шеберлік күші сынға түсетін сайыс, сондықтан нөмірі бірінші спорт кез келген жағдайды тұрақсыздандыру ұмтылыстары алдында адамдарды біріктіретінн негізгі элемент болады деп үміттенейік.

– Қазіргі Украина құрамасының күші неде?

– Жақсы ұжым, алаңда беріле ойнауы, соңына дейін күресуі. Бізде жас және тәжірибелі ойыншылардың жақсы қосындысы бар, осы арқылы тұрақты нәтиже көрсетуімізге мүмкіндік туады.

– Словенияны жеңгеннен кейін Украина құрамасы ел Президентінің шақыртуында болды. Осы туралы толығырақ айтып берсеңіз.

– Біз өте жылы әрі қолайлы жағдайда сөйлестік. Украина президенті бізді барша жанкүйерлердің алдында құттықтады және футболшылардың бәрі де сыйлықтар алды. Ал біз, өз кезегімізде, футболшылар мен бапкерлік штабының қолтаңбасы қойылған ұлттық команданың жейдесін сыйға тарттық.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или