Ла Лига7 «Реал» - «Атлетико». 9.02.2025. Статистика, болжам.
Ақпанның 8-інен 9-ына қараған түні Испания чемпионатында кестенің бірінші және екінші орындарында тұрған «Реал Мадрид» пен «Атлетико Мадрид» кездеседі. 23-ші тур ойыны «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
Алаң қожайындары біріншілікте көш бастап тұр. Карло Анчелотти жігіттері 49 ұпай жинаса, екінші орындағы «Атлетико» қоржынында 48 ұпай. Үшінші орындағы «Барселона» 45 ұпай еншілеген. Әрине, католондықтар үшін Мадридтегі матчта екі команда да ұпай жоғалтқаны тиімді.
Апта ортасында екі команда да Испания кубогында ширек финал матчтарын өткізді. «Реал» сырт алаңда «Леганесті» 3:2 жеңсе, «Атлетико» өз алаңында «Хетафені» тас-талқан етті.
Өткен турда «Реал» күтпеген жерден қонақта «Эспаньолға» есе жіберді. 0:1 есебімен аяқталған матчта «корольдік клуб» Антонио Рюдегерден де бірнеше аптаға айырылды. Неміс футболшысы Эдер Милитао, Давид Алаба секілді жарақаттан емделіп жатқан орталық қорғаушылар тізіміне қосылды. Анчелоттидің таңдауында орталық қорғаныста тек жас орталық қорғаушылар Рауль Асенсио мен Хесус Вальехо ғана қалды. Италиялық маман қорғаныс үшін бас ауыртса да, шабуыл үшін алаңдамайтыны анық. Килиан Мбаппе өз бабында. Француз футболшысы өткен матчта үнсіз қалғаны болмаса, оған дейінгі төрт турда алты гол тоғытып тастаған.
Қарашаның басынан бері Ла Лигада қарсылас жайпап келген «Атлетико» соңғы ойындарды қарқын үдетті. Өткен турда «Мальорканы» ұтса, оның алдындағы екі турда бір ұпай ғана еншіледі. Дегенмен, команда чемпиондық бәсекенің дәл ортасында. Бұл ойында Диего Симионе шәкірттері басым түссе, «Реалды» көш басынан түсіріп, бірінші орынға шығады.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы «Реалдың» ұтысына 1.82 коэффицент беріп отыр. «Атлетикоға» 4.35, тең нәтижеге - 3.72 кэф.
Апта ортасында қорғаныста проблемасы көп «Реал» «Леганестен» екі доп өткізіп алды. Оның үстіне, топ-клубтарға қарсы матчтарда осы маусымда команда міндетті түрде гол өткізіп жүр. Және қос команданың арасындағы соңғы үш матчта екі ұжым да гол соққан. Сондықтан, Джулиано Симеоне және Антуан Гризманн бастаған жігіттер «Сантьяго Бернабеу» стадионында гол соғуға тиіс. Ал, өз алаңында «Реал» матчы голсыз аяқтайды деу қиын. Екі команда да гол соғады деген нәтижеге Tennisi.kz 1.63 кэф беріп отыр.
Сонымен қатар, «Атлетико» осы маусымда топ-клубтарға қарсы қонақта тамаша нәтиже көрсетіп жүр. Чемпиондар лигасында ПСЖ-ны жеңді, Ла Лигада мықтыларды тас-талқан ететін «Барсаны» сырт алаңда ұтып кетті. Бұл матчта да үрдіс жалғасады деп болжауға болады. Tennisi.kz «Атлетико» ұтылмайды деген болжамға 1.98 коэффицент ұсынған. Ал, екі команда да гол соғады және «Атлетико» ұтылмайды деп сенсеңіз, 2.88 коэффицентке бәс тігуге болады.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.