Жәнібек Әлімханұлының Қазақстандағы жекпе-жегі ресми жарияланды

Жәнібек Әлімханұлының Қазақстандағы жекпе-жегі ресми жарияланды

Top Rank промоутерлік компаниясы қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11 КО) келесі жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлімханұлы тегі конголық Франция боксшысы Анауэль Нгамиссенгпен (14-0, 9 КО) кездеседі.

Жекпе-жек 5 сәуірде Астанадағы «Барыс Аренада» өтеді, онда Әлімханұлы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын қорғайды.

Айта кетейік, Жәнібек 2017 жылдан кейін алғаш рет өз елінде жекпе-жегі өткізгелі отыр. Ол мансабында Қазақстанда екі рет рингке шыққан, алғашқы екі кәсіпқой жекпе-жегін Алматы мен Астанада өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или