«Ордабасы» ивуарлық қорғаушымен келісімшарт жасасты

«Ордабасы» ивуарлық қорғаушымен келісімшарт жасасты


Шымкенттің «Ордабасы» клубы 28 жастағы ивуарлық қорғаушы Шериф Жимомен келісімшартқа отырғанын жариялады.

Өткен маусымда Жимо Беларусь чемпионатында БАТЭ сапында 29 матч өткізіп, 1 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ол борисовтық клубтың ең үздік ойыншысы атанды.

Бұған дейін футболшы «Неман» және Кот-д’Ивуардың «Сан-Педро» мен «Атлетик Аджаме» клубтарында ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или