Жолдастық матч. «Астана» — «Спартак» Мәскеу матчының тікелей трансляциясы

Жолдастық матч. «Астана» — «Спартак» Мәскеу матчының тікелей трансляциясы

Жексенбі, 2 ақпанда «Астана» Дубайдағы (БАӘ) оқу-жаттығу жиынында мәскеулік «Спартакпен» жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

«Спартак» - «Астана» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша сағат 17:30-да басталып, QSport Kazakhstan телеарнасынан көруге болады.

Елордалық команда үшін бұл бірінші оқу-жаттығу жиынындағы алғашқы жолдастық кездесу болмақ. Елордалық команданың екінші оқу-жаттығу жиыны 7-20 ақпан аралығында өтеді. Осы кезеңде төрт жолдастық кездесу өтеді. Қарсыластар кейінірек белгілі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или