«Арсенал» – «Манчестер Сити». 02.02.2025. Статистика. Матчқа коэффициенттер

Жексенбі күні, яғни 2 ақпанда Ағылшын Премьер-Лигасының 24-ші туры аясында лондондық «Арсенал» «Манчестер Ситимен» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
Осы матчтағы алаң қожайыны «Арсенал» турнирлік кестеде екінші орынға жайғасқан. Микель Артета жігіттерінің чемпиондықтан үміті бар, әрине. Бірақ, «Ливерпуль» жеткізе қою қиын. «Қызылдар» тоғыз ұпай озып тұр. Арне Слот шәкірттерінің сүрінетін түрі жоқ. Кеше маусым сенсацияларының бірі «Борнмутты» сырт алаңда қиындықсыз жеңді.
«Зеңбірекшілерге» алтыннан гөрі төрттіктегі орнын жоғалтып алмауды ойлаған жөн секілді көрінеді. «Ноттингем Форрест» қарқынын бәсеңдетер емес. Бүгінгі қарсыласы «Манчестер Сити» де ес жиып келеді. Төрттіктен тыс «Ньюкасл», «Челсилер» бар. Бұл ұжымдар да келесі маусымда Чемпиондар лигасында ойнағысы келеді.
Гвардиола мен «Манчестер Сити» бүгінде адам танымастай өзгерді. Былтыр қарашада басталған дағдарыс ұзаққа созыла ма деп жанкүйерлер алаңдаулы. Команда сүріне-қабына Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты. Бірақ, ол жерде мадридтік «Реал» күтіп тұр. Ішкі біріншіліктегі жағдайы мүлдем мүшкіл. Осы айдың өзіңде АПЛ-да «Арсеналдан» бөлек, «Ньюкасл», «Ливерпуль» және «Тоттенхэммен» кездеседі. Наурыздың басында кестеде үшінші орында тұрған «Ноттингем Форрестке» қонаққа барады. Беті-басын тырмалап жүрген Пеп мырза көктемде күйзеліске түсіп кетпесе игі.
Бірақ, «Манчестер Сити» АПЛ-дағы соңғы алты матчында жеңілмеген. Өткен маусымдарда алты емес, жиырма матч қатарынан жеңілмесе де, футбол әлемі үшін елеусіз қалатын статистика еді. Ал, осы маусымдағы бұл нәтиже кішігірім сенсация. «Арсенал» болса, соңғы рет ішкі біріншілікте қарашаның 2-сі күні ұтылыпты.
Қос команда бірінші айналымда 2:2 есебімен тең түскен еді. «Арсенал» екінші тайм бойы он футболшымен ойнады. «Манчестер Ситиді» жеңілістен 98-ші минутта Джон Стоунз гол соғып құтқарды.
Жалпы, «Арсенал» 2024/2025 маусымда АПЛ-дың алыптарынан жеңілген емес. «Ливерпуль» және «Челсимен» де тең ойнады, «Тоттенхэмді» екі рет, «Манчестер Юнайтедті» бір рет жеңді. «МС» аталмыш командарлардың ішінен «Челсиден» басқасынан бәрінен ұтылды.
Артетаға бапкерлік өнердің қыр-сырын үйретіп, «Арсеналға» мықты маман ретінде дайындап жіберген Пеп екенін футбол жанкүйерлерінің бәрі біледі. Бірақ, екеуінің арасындағы достық қарым-қатынасқа сызат түскен секілді. Командалардың соңғы матчынан кейін екеуі біраз сөзге келіп те қалды. Жеке өмірдегі қарым-қатынас басқа, алаңдағы арпалыстың қалай аяқталарын бүгін кешке білетін боламыз. АПЛ алыптарының айқасы Қазақстан уақытымен 21:30-да басталады.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы «Манчестер Ситиді» айқын аутсайдер санап отыр. Пеп шәкірттерінің жеңісі 4.00 коэффициентке бағаланған. Тең нәтижеге - 3.70. «Арсеналдың» жеңісіне 1.94 коэффициент ұсынған.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.