«Ордабасы» тәрбиеленушісі клубымен жаңа келісімшарт жасады.
«Ордабасы» футбол клубы 21 жастағы жартылай қорғаушы Муроджон Халматовтың командаға оралғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Өткен маусымда 22 жастағы жартылай қорғаушы жалға алу құқығымен Ақтаудың «Каспий» сапында ойнап, 26 матч өткізіп, 4 гол соғып, негізгі ойыншылардың біріне айналды. Енді Халматов мансабын «Ордабасы» сапында жалғастыру үшін туған клубына қайта оралып отыр.
Сондай-ақ, оның еншісінде Қазақстанның жасөспірімдер және жастар құрамаларында өткізген 11 матч бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или