Футболдан Қазақстан құрамасының қарсыласы бапкерін ауыстырды

Швециялық «Мальме» клубының бұрынғы бапкері норвегиялық Оге Харейде Дания құрамасының тізгінін ұстады.

Норвегиялық маман DBU-мен екі жылдық келісім-шартқа қол қойды және жұмысын 2016 жылдың 1 наурызында бастайды. Дания құрамасының бас бапкері қызметінде Харейде 15 жылдық жұмыстан кейін командадан кеткен Мортен Ольсеннің орнына келді.

Дания құрамасы Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің топтық кезеңінде үшінші орын алып, турнирдің негізгі кезеңіне жолдама ала алмады.

2014 жылы «Мальмемен» Швеция чемпионы атанған Харейде өткен аптада мальмелік командадан кететінін мәлім еткен болатын.

Естеріңізге сала кетсек, Дания 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасымен бір топта өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или