УЕФА Еуропа лигасы: бүгін шешуші ойындар

Кеше Чемпиондар лигасының 18 матчын қатар көруге тырыстық. Оңай болған жоқ, бірақ ойындар өте қызықты өтті. Бүгін Еуропа лигасында да дәл сондай жағдай. Қайтадан 18 матч, қайтадан сегіз команда 1/8 финалға тікелей жолдама алады, он алтысы 1/16 финалға өтеді, ал қалған он екісі жарыстан шығып қалады. Матчтар Қазақстан уақытымен 01:00-де басталады. Бұл жолы ең қызықты кездесулерге тоқталамыз.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
«Рома» – «Айнтрахт»
«Рома» соңғы кезде Клаудио Раньери келгеннен кейін аздап есін жиды. Бірақ А Сериясында да, Еуропа лигасында да жағдайы әлі мәз емес. Клубтың топ-8-ге енуге мүмкіндігі жоқ, бірақ ұпай жинамаса, турнирден шығып қалу қаупі бар. Қазір жалпы кезеңде 21-орында тұр, ал артында мықты қарсыластар өкшелеп келеді.
Ал «Айнтрахт» турнирде әлдеқайда сенімді өнер көрсетіп жүр – 16 ұпаймен 2-орында тұр, доп айырмашылығы да жақсы. Теориялық тұрғыдан бүгін немістер топ-8-ден тыс қалуы мүмкін, бірақ мұндай сценарийдің ықтималдығы өте төмен. Қаңтарда команда өз жұлдызы – Омар Мармушты «Манчестер Ситиге» сатып жіберді. Одан бері әлі жеңіліп көрген жоқ, бірақ шабуылдағы ойын әлсірегені байқалады.
Букмекерлік коэффициенттер:
- «Рома» – 1.74
- Тең ойын – 3.86
- «Айнтрахт» – 4.95
ФКСБ – «Манчестер Юнайтед»
Қанша сыналса да, «МЮ» Еуропа лигасында топ-8 қатарында келеді. Бірақ әлі де қауіпсіз аймақта деуге болмайды – бір сәтсіздік орын алса, үздік сегіздіктен шығып қалуы мүмкін. Аморимнің шәкірттері соңғы 5 матчтың төртеуінде жеңіске жетті, бүгін өзімен деңгейлес қарсыласпен кездеседі. Соңғы турда «Рейнджерспен» өте ауыр матч өткізді: алдымен бұрынғы ойыншысы Джек Батленд өз қақпасына гол соқты, сосын 88-минутта англиялықтар гол жіберіп алды, бірақ қосымша уақытта капитан Бруну Фернандеш жеңісті жұлып әкетті.
ФКСБ үшін топ-8-ге ену – нағыз сенсация. Жалпы кезеңде тек бір рет жеңілді. Әрине, олардың күнтізбесі аса қиын болған жоқ, бірақ команда топ-клуб амбициясына ие емес. Егер бүгін «МЮ-ге» есе жіберсе, сегіздіктен шығып қалуы мүмкін, сондықтан ұпай алу – басты мақсат.
Букмекерлік коэффициенттер:
- ФКСБ – 5.70
- Тең ойын – 4.05
- «Манчестер Юнайтед» – 1.63
«Мидтьюлланд» – «Фенербахче»
Бұл матчқа футбол әлемі ерекше назар аударуы мүмкін, өйткені «Фенербахчені» қазір атышулы Жозе Моуринью жаттықтырып жүр. Алайда оның командасы қиын жағдайда – олар жарыстан шығып қалудың аз-ақ алдында тұр. Қазір 23-орында келеді, бірақ бүгінгі нәтиже бәрін өзгертуі мүмкін. Егер «Фенербахче» плей-оффқа өте алмаса, бұл клуб үшін ғана емес, бас бапкер үшін де үлкен сәтсіздік болмақ.
Олардың қарсыласы – «Мидтьюлланд». Дат командасы бір ұпай артық жинап, 19-орында тұр. Олардың да жарыстан шығып қалу қаупі бар, бірақ тек ерекше жағдайлар болса ғана. Команда биыл жарқырап тұр деуге келмейді, бірақ өткен аптада сырт алаңда «Лудогорецті» жеңгені оларға сенім сыйлады.
Букмекерлік коэффициенттер:
- «Мидтьюлланд» – 3.80
- Тең ойын – 3.62
- «Фенербахче» – 2.01
«Твенте» – «Бешікташ»
Бұл ойын қазақстандық жанкүйерлер үшін ерекше қызық, себебі «Бешікташ» сапында Қазақстан құрамасының үздік сұрмергені Бахтиёр Зайнутдинов ойнайды. Ол соңғы кездері негізгі құрамда жиі көрініп жүр. Команда қазір «Фенербахчеден» көп алыс емес, бірақ 24-орында, яғни плей-оффқа өтуге мүмкіндік беретін соңғы орында тұр. Өткен аптада күтпеген жерден «Атлетикті» ірі есеппен жеңуі олар үшін өте маңызды нәтиже болды.
Ал «Твенте» дәл осы «Бешікташтың» өкшесін басып келеді – 26-орында. Олар да 1/16 финалға шығуды көздейді. Голландиялықтар соңғы турда сырт алаңда «Мальмёні» 3:2 есебімен жеңіп, үмітін сақтап қалды.
Букмекерлік коэффициенттер:
- «Твенте» – 2.00
- Тең ойын – 3.92
- «Бешікташ» – 3.56
«Маккаби Тель-Авив» – «Порту»
«Порту» турнирлік кестеде дәл «Бешікташ» пен «Твентенің» ортасында – 25-орында тұр. Бір ғана саты оларды плей-офф аймағынан бөліп тұр. Турнир басталғанда олар бас фавориттердің бірі саналатын, бірақ енді барын салып, топ-24-ке енуге тырысуда. Егер бүгін Израильде жеңіске жетсе, жағдайлары оңалмақ. Бірақ олардың соңғы нәтижелері көңіл көншітпейді – соңғы 5 ойында 4 рет жеңілді, бір рет тең түсті.
«Маккаби» болса, қазір жарыстан шығып қалады деп болжануда. Плей-оффқа өту үшін тек керемет жағдайлар керек.
Букмекерлік коэффициенттер:
- «Маккаби Тель-Авив» – 6.50
- Тең ойын – 4.65
- «Порту» – 1.50
Лига Еуропа фавориттері
Букмекерлік компания Tennisi.kz мәліметі бойынша, Еуропа лигасының жеңімпазы ретінде «Манчестер Юнайтед» басты фаворит саналады – коэффициент 5.70. Одан кейін «Тоттенхэм» – 6.00, ал «Атлетик» пен «Лацио» – 8.00 коэффициентімен орналасқан. «Фенербахченің» (Моуриньюмен немесе онсыз) жеңіске жетуіне 35.00 коэффициент берілген.
Матчтарға ең қызық бәстерді сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.