Станимир Стойлов – Премьер-лиганың үздік бапкері

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лига клубтарының пікір сұрауының қорытындысын жасады

Осы сұрауда әр клубтан үш өкіл қатысты – клуб басшысы, бас бапкер және команда капитаны. Аталған бірінші бапкер үш ұпай алды, екіншісі – екі, үшіншісі – бір ұпай. Ең көп ұпай алған бапкер жеңімпаз болып жарияланды.

Барлығы сұрауда алты бапкердің есімі аталды. Үшінші орынға павлодарлық «Ертістің» бас бапкері Димитар Димитров иеленді (19 ұпай: 2-2-9). Екінші орында алматылық «Қайратта» жақында ғана жұмыс істеген Владимир Вайсс (66 ұпай: 7-21-3).

Осы номинацияның жеңімпазы – «Астана» футбол клубының жаттықтырушысы Станимир Стойлов (95 ұпай: 26-8-1). Биыл астаналықтар чемпионатта көш бастап, Суперкубокты жеңді. Оған қоса, команда Қазақстан кубогінің финалына шықты. Ал ең басты нәтиже – елдің тарихында бірінші рет Чемпиондар лигасың топтық кезеңде қатысуы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или