Ағайынды Сабырхандар әкесіне көлік мінгізді

Ағайынды Сабырхандар әкесіне көлік мінгізді

Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан мен оның туған інісі Төрехан Сабырхан әкесінің туған күніне ерекше сый жасады. Даңқты боксшылар айтулы күнге орай Toyota Highlander автокөлігін сатып алып, оны салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қуанышты жаңалығымен Махмұд өзінің Instagram-парақшасында бөлісті.

Айта кетейік, Махмұд Сабырхан әлем және Азия чемпионы, Олимпиада ойындарына екі рет қатысқан.

Ал оның туған інісі Төрехан Сабырхан болса жастар арасында әлем және Азия чемпионы. Ол тек былтыр желтоқсан айында ғана ересектер қатарына өтіп, бірден Қазақстан чемпионы атанды. Төрехан спорттық мансабында бірде-бір жарыста жеңіліп көрмеген.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или