Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белбеу туралы мәлімдеме жасады

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белбеу туралы мәлімдеме жасады

Әлем чемпионы WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) жақын арада өзінің дивизионында барлық титулдарды біріктіруге сенімді екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жақында, иншаАллах, мен барлық төрт белбеуді жеңіп аламын. Жақында, өте жақында», — деп мәлімдеді боксшы әлеуметтік желі Х-те.

Қазіргі таңда орта салмақта WBC чемпионы доминикандық Карлос Адамес (24-1, 18 КО), ал WBA титулы кубалық Эрисланди Лараға (31-3-3, 19 КО) тиесілі.

Еске сала кетсек, Әлімханұлы өткен жылғы қазанда Сиднейде (Австралия) соңғы жекпе-жегін өткізіп, тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жаңа зеландиялық боксшы Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или