Ла Лига: «Барселона» өз алаңында 7:1 есебімен жеңді
Каталондық «Барселона» мен «Валенсия» кездескен Испания Ла Лигасының 2024/2025 маусымының 21-ші турының ойыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Командалар Барселонадағы «Олимпик Льюис Компанис» ойнады. «Барселона» «Валенсияны» 7:1 есебімен жеңді.
Осылайша, католондықтар төртінші турдағы рекордын қайталады. Ол кезде Ханси Флик шәкірттері «Вальядолид» қақпасына да жеті доп соққан еді.
«Барселона» осы жеңістен кейін 42 ұпай жинап, үшінші орынға көтерілді. Көшбасында 49 ұпаймен мадридтік «Реал» командасы. Екінші орында «Атлетико Мадрид». Диего Симионе командасының еншісінде 45 ұпай.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или