ҚПЛ клубы жолдастық ойында косоволық командадан жеңілді
«Жетісу» Анталиядағы (Түркия) оқу-жаттығу жиынында косоволық «Лапимен» жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 3:1 есебімен «Лапидің» жеңісімен аяқталды.
Еске салайық, өткен маусымда «Жетісу» Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде 11-ші орын алып, ҚПЛ-дағы орнын сақтап қалды. «Жетісу» үшін бұл Түркиядағы оқу-жаттығу жиынындағы төртінші кездесу болды. Талдықорғандық клуб бұған дейін косоволық «Дритадан» жеңіліп (0:1), кейін сербиялық «Жединство Уб» командасынан (0:1) ұтылып, румыниялық «Волунтаримен» тең ойнады (1:1).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или