Мбаппе Левандовскиймен Ла Лигадағы сұрмергендер жарысы туралы пікір білдірді
«Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе «Вальядолидке» қарсы матчта хет-трик жасап (3:0), Ла Лигадағы гол соғу жарысындағы жағдайы туралы айтып берді.
«Винисиус пен Родриго маған үздік сұрмерген болуға көмектескісі келе ме? Бұл керемет болар еді, бірақ мен де оларға және бүкіл командаға көмектесуім керек. Біздің ең басты мақсатымыз – «Реалдың» жеңуі.
Егер мен үздік сұрмерген атансам, жақсы, ондай мәртебеге бұрын да талай жеткенмін. Бірақ мен үшін титулдар әлдеқайда маңызды. Ақырында, Ла Лигада жеңіске жету – ең маңызды нәрсе», – деді Мбаппе.
Бұл ойыннан кейін француз шабуылшысының Примерадағы голдарының саны 15-ке жетті. Ол сұрмергендер тізімінде екінші орында тұр, «Барселона» сапындағы Рафиньяны төрт голға озып келеді.
Тізімнің көшбасшысы – «Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовски. Оның есебінде 16 гол бар. Осылайша, Мбаппе одан бар болғаны бір голға қалып келеді.