16 жастағы қазақ футболшысы Дастан Сәтпаевтың ойынына баға берілді
16 жастағы қазақ баласы Дастан Сәтпаевтың шаршы алаңдағы ойынына Green Turf Youtube-арнасының авторы баға беріп, оның ойынын әйгілі әлем футболшыларына теңеген.
Басылымның жазуынша, Green Turf 16 жастағы "Қайрат" форварды Дастан Сатпаевтың футболдағы ойынына баға берген.
- Оны ұлы шабуылшылармен салыстырады. Себебі ол бойы аласа болса да, "тоғыздық". Кішкентай Агуэро. Өте-өте жақсы. Ол голды ләззат алу үшін соғады. Онда барлығы бар: қарқын, шабуыл кезіндегі қозғалыс, ұмтылыс, аяқтау, Кейбірі оны Лаутаро Мартинеспен салыстырады, кейбіреулер Мессиге ұқсатады, - дейді канал авторы.
Айта кету керек, GreenTurf – лондондық "Челси" фанаттарының каналы.
Дереккөз: kaz.nur.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или