«Манчестер Сити» мен «Челси» арасындағы матч камбэкпен аяқталды
«Манчестер Сити» Англия Премьер-лигасының 23-турында өз алаңында «Челсиді» 3:1 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойынның 3-минутында «Сити» сапындағы өзбек қорғаушысы Абдукодир Хусановтың өрескел қателігінен кейін Нони Мадуэке есеп ашты. Алайда, бірінші таймның соңында Йошко Гвардиоланың голы «қалалықтарға» таразы басын теңестіруге мүмкіндік берді.
Екінші таймда Эрлинг Холанд (68-минут) «Челси» қақпашысы Роберт Санчестің қателігін ұтымды пайдаланып, «Манчестер Ситиді» алға шығарды. Ал 88-минутта Фил Фоден матчтағы соңғы голды соғып, ойынға нүкте қойды: 3:1 – «Сити» жеңісі.
Айта кетейік, Өзбекстан құрамасының және «Манчестер Сити» қорғаушысы Абдукодир Хусанов негізгі құрамда ойын бастап, 54-минутта алмастырылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или