Еуропа Лигасының жетінші туры: қай матчты көруге болады?
Еуропа Лигасының кезекті ойындары аяқталып, енді бейсенбіде әдеттегідей осы турнирді тамашалаймыз. Конференциялар Лигасы бұл жолы кешті әрлемейді, себебі турнир форматына сәйкес жетінші және сегізінші турлар өткізілмейді. Ал Еуропа Лигасында бүгін қызықты бірнеше матч бар, солар жайлы сөз қозғайық.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
«Хоффенхайм» – «Тоттенхэм»
Екі команда үшін де бұл ойында жеңіске жету өте маңызды. «Тоттенхэм» тоғызыншы орында тұр және артық плей-офф кезеңінен өтпеу үшін сегіздікке енуге тырысады. Англия чемпионатында олардың жағдайы мәз емес – соңғы алты ойында жеңіссіз қалып, 15-орынға түсті. Қазір олар төменгі лигаға түсіп қалу аймағынан небәрі сегіз ұпай алшақ. Постекоглу командасы кубоктық турнирлерде жақсы өнер көрсетуде және Лига Кубогының финалына шығуға мүмкіндігі зор.
«Лацио» – «Реал Сосьедад»
Римдік «Лацио» турнир кестесінде көш бастап келеді және Еуропа Лигасында сенімді ойын көрсетуде. Олар топтық кезеңде қарсыластарын айқын жеңіп, үздіктер қатарында. Ал «Реал Сосьедад» маусымның басындағы сәтсіздіктерден кейін өз қалпына келуде. Бұл матчта екі команда да плей-оффқа өтуді мақсат етеді.
«Манчестер Юнайтед» – «Рейнджерс»
«МЮ»-дың қазіргі жағдайы жанкүйерлер үшін көңіл көншітпейді. Ағылшын Премьер-лигасында олар 12-орында тұрса да, Еуропа Лигасында жетінші орында. Ал «Рейнджерс» сегізінші орында орналасып, 1/8 финалға шығуды мақсат етуде.
Tennisi.kz осы ойындарға түрлі коэффициенттер мен арнайы ставкаларды ұсынады.
Жоғарыда аталған матчтардан бөлек, бүгін тағы да келесі ойындар өтеді: «АЗ» – «Рома», «Буде-Глимт» – «Маккаби» Тель-Авив, «Виктория» Пльзень – «Андерлехт», «Қарабах» – ФКСБ, «Мальмё» – «Твенте», «Порту» – «Олимпиакос», «Фенербахче» – «Лион», «Айнтрахт» – «Ференцварош», «Лудогорец» – «Мидтьюлланд», ПАОК – «Славия» Прага, РФШ – «Аякс», «Эльфсборг» – «Ницца», «Юнион» – «Брага».
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.