ҚФФ Президенті УЕФА басшылығымен кездеседі

Қазақстан Футбол Федерациясының (ҚФФ) Президенті 10 ақпан 2025 жылы УЕФА Президенті Александр Чефериннің шақыруымен УЕФА-ның штаб-пәтерінде жеке кездесуге барады.
Бұл маңызды кездесуде қазақстандық футболды дамытуға бағытталған жоспарлар мен жаңа жобалар талқыланады. Сонымен қатар, федерация басшысы ҚФФ-тың құрылымдық реформалары, ұлттық құрамалардың басшылығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия және әділ төрешілік жүйесі бойынша жаңалықтармен бөлісуді жоспарлап отыр.
- Қазір мен ҚФФ аудиті және федерацияның ішкі жұмыстарымен танысып жатырмын. 10.02.25 күні УЕФА Президенті А.Чеферин мырзаға өзінің штаб-пәтерінде жеке кездесуге шақырғаны үшін алғысымды білдіремін. Қазақстандағы футболды дамыту жоспарын және жаңа жобаларды талқылаймын жоспарлап отырмын. Сіздермен кездесу нәтижелерін міндетті түрде бөлісіп отырамын, алдағы жұмыс жоспарымды да ұсынамын. Пресс-конференцияда мен ҚФФ және QFL-дағы құрылымдық реформаларды, Ұлттық құрамалардың басшылығы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия және әділ төрешілік туралы жаңалықтармен де бөлісемін, - деп жазды Марат Омаров әлеуметтік желідегі парақшасында.